aisha_kenesbai (2)

Пікіріңізді қалдырыңыз

aisha_kenesbai (1)

Пікіріңізді қалдырыңыз

Әйел деген өзі кім?

Қалған еді бір топ жігіт жиылып,

Ақырында кетті әңгіме сұйылып.

Шықты біреу мақтан қылып күнәсін,

Әйелдермен жасап жүрген ойнасын.

 

Деді былай:

“Әйел деген – аңқау халық білсеңіз,

Сене салар бетіне сәл күлсеңіз.

Айта берсең құлағына ертегін,

Ашып берер өзі-ақ саған етегін.

Осылайша мен сияқты бұзығың,

Көріп жүр ғой талай–талай әйел қызығын”.

 

Осы кезде сөзді бұзып бір жігіт,

Күнәһарға ашуменен жүз бұрып.

Деді былай:

“Шектен шықты сөзің тым,

Айтшы, қане, әйел деген өзі кім?

 

Әйел деген – дәл өзіңдей адам,

Әйел деген – кеше сені мәпелеген анаң.

Әйел деген – намысың мен арың,

Әйел деген – қойныңдағы сүйдім деген жарың.

 

Бесігінде жатқанда бөпелеген,

Тәй-тәй басса, мәз болып жетелеген.

Әйел деген – қызың ғой еркелеген,

Әйел деген – қызың ғой әке деген.

 

Әйел деген – қарындас «аға» деген

Бір өзіңді қорғаныш, пана көрген.

Әйел деген – әпкең ғой алдыңдағы

Сен қуансаң, қуанар алтын жаны

 

Аталғандар – туыстық жақындарың

Дәл осындай қатынаста елдің бәрі.

Жоқ олардың керексіз жаралғаны,

Ойын, күлкі, зинаға арналғаны.

 

Айтшы енді,

Зинасымен мақтанған қайран ерім,

Сол күнәні жақындарға қалар ма едің?

 

Қалар ма едің анаңның қор болғанын,

Зинақорға қызыңның қол болғанын.

Қалар ма едің астында өгіздердің

Қарындас пен әпкеңнің егіз езілгенін.

 

Жүрегінде дерті бар надандардың

Әйеліңнен дәм етіп көз ілгенін.

Қаламасаң өзіңе бұл істерді

Өзге үшін оны да қылмыс деп біл»!

 

Дарын Мубаров

Пікіріңізді қалдырыңыз

Біз туралы

Төбеде күн, жерге жарық таратқан,

Көк аспанды жер үстінен қаратқан.

Серігі жоқ бір Тәңірге табынам,

Жалғыз Аллаһ бар әлемді жаратқан.

 

Көз алмайсың мына әсем ғажаптан,

«Қасиетін ұғынам» – деп талаптан!

Жалғыз Аллаһ адамдар мен жындарды,

Бұл дүниеге құлшылыққа жаратқан.

 

Адам болып өз ортаңда таныл да,

Бұ дүниенің у-шуынан дамылда.

Табынуға жалғыз Аллаһ лайықты ед,

Пайғамбардың сүннетінен жаңылма!

 

Қиналасың, ақша, мансап – бағыңдай,

Бірақ бәрі тек алдамшы сағымдай.

Шын мәнінде ойлаңдаршы, бұл өмір –

Өте шолақ, қу қамшының сабындай.

 

Біріміз – құл, біріміз – бай, төреміз,

Бірақ біздер бір күндері өлеміз.

Біріміз – жас, біріміз – қарт, әйтеуір,

Бір Аллаһтың жазған күнін көреміз.

 

Бұл өмірге кімдер келіп, кетпеген?

Аллаһ біздің көрер күнді шектеген.

«Қанша керім, ұлы болам» – десе де,

Дінсіз адам мақсатына жетпеген.

Пікіріңізді қалдырыңыз

Апа-қарындастарым

Неге ашық, орамалсыз бастарың?

Кең маңдайға сыймай жүр ме қастарың?

Шашты қиып, қасты жұлған, сән қуып,

Сіздерді аяймын, апа-қарындастарым!

 

Кім біледі, мода қайда бастарын?

Қалмаймын деп қуалап жүр жастарым.

Қысы-жазы, қысқа етекті киінген,

Сендерді аяймын, апа-қарындастарым!

 

Бритни Спирс пен Мадонналар – достарың,

Пиво, вино – сүйіп ішер астарың.

Еліктеген берекетсіз батысқа,

Сендерді аяймын, апа-қарындастарым!

 

Мынау өмір өтер сәтте қас-қағым,

«Жұлдыз болып, жанам!» – деп жүр жас дарын.

«Әйел емес, әнші болам» – деп жүрген,

Сендерді аяймын, апа-қарындастарым!

 

«Махаббат» деп сезіміңді ластадың,

Оған куә – көзден аққан жастарың.

Әр малғұнның сөздеріне еретін,

Сендерді аяймын, апа-қарындастарым!

 

Уа, арулар, білем сізде бас барын,

Сөздерімнің түсінерсің астарын.

Мен аяймын, тозақ оты аямас,

Қайран, менің апа-қарындастарым!

Пікіріңізді қалдырыңыз

1. Адам баласының пайғамбарларға деген мұқтаждығы

1.1.                Адам өзінің Жаратушысын және өзінің жаратылғандағы мақсатын пайғамбарлар арқылы айқындайды. Әрбір ақылы бар, есі дұрыс адам өзін жаратушы, тәрбиелеуші Раббы бар екенін мойындайды. Мүшріктер де жаратушы Аллаһ екенін мойындайды. Бұл турасында Құран-Кәрімде:

«Егер олардан: «Көктер мен жерді жаратқан кім?» – деп сұрасаң, әлбетте, «Аллаһ» дейді. «Барлық мақтау Аллаһқа тән» – де! Әрине, олардың көбі түсінбейді» (Лұқман сүресі, 25-аят).

Алайда адам баласы Жаратушысы бір Аллаһ екендігін білсе де, Оның сипатын біліп, хақиқатын тануда ақылы шектеулі, яғни дәрменсіз. Оның сипатын өз әрекетімен танып-білемін деген әрбір адам – жолдан тайып адасушы. Бұл нәрсені әркім өз ойымен жоритын болса, онда ол: «Аллаһ Тағаланың баласы бар» – дейді. Біреулері: «Бұл әлем өзі қимылдап, өзі жүріп жатыр» – дейді. Немесе «Барлық зиян мен пайда жаратылған мақұлықтардан келеді» – дейді. Міне, осыларды танып дұрыс ажырата білу үшін адамзат пайғамбарларға, елшілерге мұқтаж. Аллаһ Тағала сондықтан адамдарға үздіксіз адамдар арасынан пайғамбарларды шығарып отырды. Сол пайғамбарлар арқылы құлшылық тек қана Өзіне жасалатындығын білдіріп отырды.

1.2.                Ақірет дүниесінен, сондай-ақ адам баласы білмейтін нәрселерден хабар беріп отырады. Мәселен, кейбір адам өлімнен кейінгі тіршілікті мойындамайды. «Өлдің, өштің, одан кейін тіршілік болмайды» – дейді. Бұлар турасында Құран-Кәрімде былай дейді:

«Ал кейбір адамдар өлімнен кейін тіршілік болатын білсе де, оларды анықтап саралай алмайды. Өйткені, ақірет дүниесі – ғайып, адамзатқа тылсым дүние. Оны ақылмен таразылап, өлшеп білу мүмкін емес. Оны тек қана Аллаһтан келген кітаптан және елшілерден ғана біледі» (Жәсия сүресі, 24-аят).

Яғни, ол елшілер Аллаһтан болған ғайыптан хабар берушілер болып табылады.

1.3.                Адам баласы шектен шығып күнәлі істерге бой ұра бастағанда, оларға дұрыс бағыт көрсетіп, тура жолды нұсқау үшін пайғамбарлар жіберіледі.

«Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Аллаһ қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ кітап жіберді. Сол кітап берілгендер ашық дәлел келгеннен кейін араларында кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иман келтіргендерді олар тартысқан шындыққа Өз ұйғаруымен жеткізді. Аллаһ қалағанын даңғыл жолға салады» (Бақара сүресі, 213-аят).

Ибн Аббастан жеткен хадисте былай делінеді: «Адам мен Нұх арасында 10 ғасыр өтті. Олардың арасы таза шариғаттың жолында болды. Одан кейін қауымның арасында келіспеушілік, қарама-қайшылық болғанда, Аллаһ Тағала қуандырушы, қорқытушы пайғамбарларды жіберді» (ибн Кәсир, «әл-Бидая уән-Ниһая»).

«Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзақ мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі – бұзақылар» (Хадид сүресі, 16-аят).

1.4.                Кейбір дүнияуи ортақ мәселелерде де адам баласы пайғамбарларға мұқтаж болады. Мәселен, сауда-саттық, өнер, білім, кәсіп.

«Мәдиян еліне туыстары Шуъайбты (ғ.с) жібердік. «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман келтірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» – деді» (Ағраф сүресі, 85-аят).

040730230421_791

Пікіріңізді қалдырыңыз

АҚЫРЕТ – АҚЫРЫМЫЗ

ТОЛҒАУ

 

Бисмилләһ деп сөз бастар азаматтар,

Жүрегінде хидаят, ғадауат бар.

Ұстанған Пайғамбардың сүннетінен

Ассаламуғалейкум, жамағаттар!

Алланы еске алумен жүрек тыншып,

Кетеді көңілдегі қара дақтар.

Мұсылманның әр күні мүбәрәк қой,

Айтылсын Пайғамбарға салауаттар.

Кәлимаға қояйық тіл келтіріп,

Лә иләһә илләллаһ, Аллаһу акбар!

 

Оңбайды жамандықпен қошыналар,

Сондықтан сойқан істен шошына қал!

Ақ жүріп, адал тұрып, ғибадат қыл

Шынайы мұсылмандық осы болар.

Жақсылық жасап жүрсең адамдарға,

Көңіліңнің көтеріңкі хошы болар.

Ар-ұятың, ожданың болса бойда,

Өлгенде жұмақ төрі тосып алар.

Иманы бар ибалы жандар ғана,

Құдайдың қос дүниелік досы болар.

 

Ізгі бір ісің қалса жер бетінде,

Өлмейсің орансаң да сен кебінге.

Орасан бай болсаң да о дүниеге,

Ештеңе ап кете алмайсың өлгеніңде.

Құдайдан байлық емес, иман тіле,

Түсетін иман ғана көрге бірге.

 

Өмірдің өтетінін кім ұқпайды,

Адамның бәрін ажал құлыптайды.

Ешкімді өлім арттан қуған емес,

Алдынан тосып алып құрықтайды.

Өлімді ұмытпайық, о, жамағат,

Өйткені, өлім бізді ұмытпайды.

 

Келеді ел ғибадатқа іш бермей шын,

Имансыз берекелі іс көрмейсің.

Бес уақыт намаз – бейне аққан бұлақ,

Күніне бес жуынсаң күстенбейсің.

Жұмада жұма намаз оқысаңыз,

Аптада бір моншаға түскендейсің.

 

Текті елім, терең ойлап толғанып ал,

Мұсылманның мызғымас қорғаны бар.

Ол – Иман, Аят, Хадис және Дұға,

Жолдас етсең, бақытың жолда тұрар.

Қисапсыз қинау көрсең бұл жалғанда,

Жағдайың ақыретте оңғарылар.

Жалғанды жалпағынан басып өтсең,

Жұмаққа баратұғын жол жабылар.

Өмірде өрескел іс авторының,

Бақида батпан-батпан сорлары бар.

Ойланбай өмір сүрген жігіттердің,

О дүниеде қазылған орлары бар.

Жігіттер, бұл өмірде нәпсіңді тый,

О дүниеде қызықтың орманы бар.

Жұмақтың хор қыздарын құшқың келсе,

Бұл жақтың әр қызына болма құмар!

 

Исламнан имандылар үлгі алады,

Құдай сөзі Құраннан сыр бағады.

Тән қызығын егерде тәрк етсеңіз,

Жан дүниеңіз ерекше нұрланады.

Жүрегімен дүниені сүйген жанның,

Жігері о дүниеде құм болады.

Жалғанда азап шексе мұсылмандар,

Байлықты біледі олар шын бағалы.

Уақытша бақытқа ие болған жандар,

Мәңгілік рахатынан құр қалады.

О дүниенің рахатын ойлағандар,

Жалғанда қызық қуып, жырғамады.

О дүниені ойлайық біз көбірек,

Өйткені бұл дүниеде кім қалады?

 

Бұл жалған бетін бұрып, құбылса жүз,

Пенденің боп кетеді міні – сағыз.

Жұлдыздай түн түңлігін түріп туған,

Жарқырауға бәріміз тырысамыз.

Алдамшы байлығына бұл дүниенің,

Таласып тартысамыз, ұрысамыз.

Кең дүниеге керісіп сиыса алмай,

Даңғыл жолдан далаға ығысамыз.

Тұрлаусыз тұлдыр мынау дүниеде,

Бірігіп біздер қашан ұғысамыз?

Татулық бар, табыну жоқ адамға,

Беделдімен бекерге жұғысамыз.

Алланың ақ жолы боп карьерамыз,

Бір Құдай болсын біздің «крышамыз»!

 

ШОРАБЕК АЙДАРОВ

 

 

Пікіріңізді қалдырыңыз

АЛҒЫ КІРІСПЕ СӨЗ

464473022_c64f5e3938_b1

 

Адамзаттың асылы, екі дүние пайғамбары, Аллаһ Тағаланың сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с). Ол өзіне дейінгі бүкіл пайғамбарлардың жоғарғы қасиеттері мен ұлы жолын жалғастырушы, толықтырушы әрі тәмамдаушы ретінде келді. Ол келмес бұрын дүниенің халі мүшкіл, адамзат өмірі түнекте болатын.

Мұхаммедтің (с.ғ.с) келуімен көңілдерді перделеген қараңғылық серпіліп, саналарды тұмшалаған тұман сейілді. Иман кәусарына қаныққандар жаратылыстың мәнін ұға бастады. Небәрі 23 жыл ішінде ол екі дүниеде өшпейтін, өлмейтін үлкен мұра қалдырды. Арадан 14 ғасыр өтсе де, оның мұрасын жүрек түкпірінде сақтаған түрі мен тілі басқа 1,5 млрд-тан астам үмметінің қатарының күннен күнге көбеюі – осының айғағы. Оның үмметі күн сайын есімін атап, оған салауат айтып қана қоймай, өмір жолын, мінез-құлқын өнеге етіп келеді. Әрбір адам өз бойынан табылуын қалайтын сабыр, ұстамдылық, қанағат, дархандық, кішіпейілділік, батылдық сияқты көркем мінез-құлықтар бар. Бұл – адамды нағыз адам ететін асыл қасиеттер. Оның жоғары керемет көркем мінез-құлық иесі екендігі Аллаһ Тағаланың қасиетті кітабы Құранда былайша сипатталады:

«Сен үшін түгесілмейтін қазына бар. Өйткені, сен керемет көркем мінез-құлыққа иесің» (Қалам сүресі, 4-аят).

Сондай-ақ екінші бір аятта былай делінеді:

«Аллаһ Расулының бойында сендерге үлгі боларлық керемет қасиеттер бар» (Ахзаб сүресі, 2-аят).

Ия, шындығында да оның парасат-пайымы, өмір жолы, сөзі мен әрбір әрекеті – біз, мұсылмандар үшін таптырмас үлгі. Оның мінез-құлқын Аллаһ мадақтаған. Өзіне дейінгі діндерді тәмәмдап толықтырушы, Исламның негіздері жазылған Құранды түсірген кезде ондағы айтылғандарды іс жүзінде адамзатқа паш ету үшін Аллаһ Тағала Мұхаммедті (с.ғ.с) таңдаған. Құранда баяндалған ғажайыптардың бәрін Пайғамбарымыздың өмірі дәлелдей түседі. Пайғамбарымыздың айнымас серіктері сахабалар Айша анамыздан Мұхамедтің (с.ғ.с) мінезі жайлы айтып беруін өтінгенде, ол: «Сендер Құранды оқыған ба едіңдер? Оның мінез-құлқының өлшемі Құран ғой» – деп жауап берген.


Жанашыр ешкімі жоқ, халі мүшкіл, бауыр-туысы тастап кеткен, жанашыр кісілер Меккеде адам айтқысыз азаптарға душар болып, өз ағайындарынан жәбір көрген пайғамбарымызды есіне алып, қиыншылыққа мойымауы тиіс.

Тәрбиеші-ұстаздар мешітінің ауыз бөлмесінде бүкіл жауапкершілігін өз мойнына алған шәкірттеріне дәріс беріп тәрбиелеген пайғамбарымызды әрқашан жол бастаушы ретінде тануы керек.

Ал әрбір шәкірт Аллаһтан түскен Құранды Жебірейіл періштенің құзырында отырып оқып үйреніп іске асырған Аллаһ Расулынан өнеге алуы керек.

Әрбір саудагер жұбайы Хадишаның саудасына көмектесіп, сауда-саттықта қара қылды қақ жарған әділ Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) сабақ алғаны дұрыс!

Әрбір жасөспірім намыс пен әдептің үлгісі шыншыл да турашыл Мұхамедтің (с.ғ.с) жолын үлгі деп білсін!

Халыққа уағыз айтып, адалдыққа насихаттайтын әрбір адам мешітте сахабаларына шешен де көркем тілмен ақиқатты ұғындырған, тура жолға бағыт сілтеген, дүйім жұртты ұйытқан Аллаһтың сүйікті құлы Мұхамедтен (с.ғ.с) өнеге алғаны дұрыс.

ЖАЛҒАСЫ БАР, ИНШААЛЛАҺ!!!…

 

 

 

Пікіріңізді қалдырыңыз

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.